ШҚО шенеунігі пара алғаны үшін ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облыстық тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы пара алу күдігімен ұсталды. Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті Тергеу департаментінің басшысы Қанат Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Агенттіктің Шығыс Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаменті Денсаулық сақтау министрлігінің Шығыс Қазақстан облыстық тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының пара алу фактісін анықтады. Оған Ұлан аудандық елді мекендерін зарарсыздандыру қызметтерін көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшарты үшін жеке компания директорынан пара түрінде 337 мың теңге алу күдігі келтіріліп отыр», - деді ол.

Оның айтуынша, күдікті өзінің орынбасарларымен және басқарма басшыларымен алдын ала ымыраласа отырып, кәсіпкерлік субъектілерінен тұрақты түрде пара алып келген. Сонымен қатар, бағынышты қызметкерлерінен қамқорлығы мен қызмет жолында көтермелегені үшін де пара алғаны анықталған. Күдікті уақытша оқшаулау орнына қамалды.

Аталған іс бойынша соңғы үкімді сот шығарады.

Соңғы жаңалықтар