ШҚО шекарашылары биыл 500-ге жуық заңбұзушылықты анықтады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының шекарашылары жыл басынан бері 500-ге жуық заңбұзушылықты анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҰҚК Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл шекарашылар 48 рет қару-жарақ, оқ дәрі тасымалының жолын кесті.

«Өңірдегі Бесқарағай, Бородулиха, Шемонаиха, Глубокое, Алтай, Күршім және Қатонқарағай аудандары көршілес Ресей Федерациясымен, Үржар, Зайсан, Тарбағатай және Күршім аудандары Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Департамент қызметкерлері шекараны күзетіп, заңсыз әрекеттерге тосқауыл болуда. Мәселен, 2021 жылдың жеті айында 500-ге жуық заңбұзушылық анықталды. Оның ішінде 28 шекарадан контрабандалық заттарды тасымалдау фактісі тіркеліп, жасанды төлқұжатпен өтпек болған 36 адам ұсталды», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, 18 тамыз – ел тыныштығын күзететін шекарашылардың кәсіби мерекесі. Биыл Қазақстандағы шекара қызметінің құрылғанына – 29 жыл толып отыр.


Соңғы жаңалықтар