ШҚО шахтасындағы жарылыс: Бір адам мерт болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстанның Артемьев шахтасындағы жару жұмыстары кезінде бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға KAZ Mineralsқа қарасты «Шығыстүстімет» ЖШС-нің Артемьев шахтасында болған.

«2019 жылдың 17 шілдесінде сағат 20:00 шамасында «Samid» ЖШС шахта аумағында жару жұмыстары атқарылған. Осы кезде аталмыш мердігер ұйымның қызметкері жарылыстан зардап шегіп, қаза тапты. Оқиға орнындағы барлық жұмыстар тоқтатылды. Келеңсіз жайдың себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу комиссиясы құрылды», - дейді KAZ Minerals тобының Шығыс Қазақстан облысы бойынша бұқарамен байланыс менеджері Ермек Дүзкенов.

Еске салсақ, өткен аптада аталмыш кәсіпорынның Орлов шахтасында да бір адам көз жұмған болатын.


Соңғы жаңалықтар