ШҚО шахтасында екі адам қаза болды, тағы бірі зардап шекті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында екі кенші қаза болып, тағы бірі зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 16 маусым сағат 22:00 шамасында KAZ Minerals Тобы «Шығыстүстімет» ЖШС-ға қарасты Орлов өндірістік кешенінің шахтасында жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде болды. Салдарынан екі жұмысшы қаза болды, зардап шеккен тағы бір адам Бородулиха аудандық ауруханасына жеткізілді.

«Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Тергеу жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетілетін болады», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар