ШҚО сайланған 131 әкімнің тек екеуінің ғана жоғары білімі жоқ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында ауыл мен ауылдық округ әкімдерінің жанама сайлауының қорытындысы шығарылып, 249 елді мекен бойынша 131 әкім қайта сайланды.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте Шығыс Қазақстан өңірлік сайлау комиссиясы жетекшісінің орынбасары Александр Рукин мәлім етті.

Оның айтуынша, 2013 жылдың тамызы мен 2017 жылдың сәуірі аралығында түрлі себептерге байланысты 118 әкімнің өкілеттіктері тоқтатылғандықтан, сайлауға 249 елді мекеннің барлығы қатысқан жоқ.     

Сонымен бірге, жаңадан сайланған 131 әкімнің 100-і қайта сайланғандар.

Жаңа ауыл әкімінің жалпы «портретіне» қатысты ерекшеліктерге тоқталар болсақ, олар, әдеттегідей, білімі жоғары (тек екі әкімнің ғана арнайы орта білімі бар, қалғандары жоғары білімді), қызмет баяны жақсы, орта жастағы белсенді адамдар. Ауылдағы атқарушы билік басшыларының мұндай сапалық құрамы үміткерлерге қойылатын жаңа, жоғары біліктілік талаптарына сай келіп тұр.

Үміткерлерді жергілікті тұрғындармен кеңескеннен кейін аудан әкімдері баламалы түрде ұсынады. Содан соң мәслихат депутаттары жанама сайлау арқылы дауыс беріп, үміткерлерді таңдайды.    

«ҚазАқпарат» ХАА тілішісінің «ҚР «Сайлау туралы» жаңа Заңының арқасында Қазақстанның ауылдары мен ауылдық округтерінде білімді әрі білікті «жаңа заман әкімдері» келеді ме» деген сұрағына, Александр Рукин  осы пайымдаумен толық келісетіндігін жеткізді.

«Сайлауға дайындық барысында сайлау комиссиясына әкім болуға үміткерлерден 402 ұсынысхат келіп түсті, олар ұзақ тексерістен өтіп барып қана тіркелді», - деген Рукин алғашқы звенодағы атқарушы биліктің мұқият іріктелуі заңнамалық тұрғыда бекітілгенін растай түсті. 

Соңғы жаңалықтар