ШҚО полициясы ұрланған телефондарды сататын орындарды анықтады
2021 жылғы 3 қазан 19:52

ШҚО полициясы ұрланған телефондарды сататын орындарды анықтады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері сауда дүңгіршектерінен ұрланған 11 ұялы телефонды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ІІМ мүлікті қорғау бойынша бағдарламасын іске асыру мақсатында Өскемен және Семей қалаларында ұрланған телефондарды сатудың жолын кесуге бағытталған шара жүргізілді.

«Жедел уәкілдер пайдаланылған телефондарды сататын 42 орынға барды. Нәтижесінде, 800-ге жуық телефон тексеріліп, оның 11-і қылмыстық іс бойынша өтіп жатқаны белгілі болды. Смартфондар тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына тіркелді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері дүңгіршек иелерімен және ұялы телефон сатушылармен қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алғаны немесе өткізгені үшін жауапқа тартылатындығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


Jańalyqtar

MURAǴAT