ШҚО Полиция департаменті бастығының жаңа орынбасары тағайындалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары болып полиция полковнигі Медет Бердімұратов тағайындалды. Ол осыған дейін Ақмола облысы ПД бастығының орынбасары қызметін атқарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медет Тасырханұлы құқық қорғау органдарында 1999 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тумасы.

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы облысы Ішкі істер басқармасының Талғар аудандық ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі лауазымынан бастаған.

Қызмет еткен жылдары түрлі басшылық лауазымдарда, соның ішінде ҚР ІІМ Тергеу департаменті тергеу және аймақтық бақылау басқармасының бастығы болды.

2019 жылы Ақмола облысы ПД бастығының орынбасары болып тағайындалған.

Тергеу және криминалистикалық бөлімше қызметтерін қадағалайтын Медет Тасырханұлын жеке құрамға таныстырған ШҚО полиция департаментінің бастығы Серік Жүнісбеков оған бірқатар міндет қойды.



Соңғы жаңалықтар