ШҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары тағайындалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары болып Елдос Закимов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депарамент бастығы, полиция полковнигі Серік Жүнісбеков бірінші орынбасарын жеке құрамға таныстыра отырып, бірқатар міндеттер қойды.

Елдос Даулетқазыұлы құқық қорғау органдарында 2002 жылдан бері қызмет етіп келеді. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының тумасы. ҚР ІІМ академиясын бітірген.

Еңбек жолын Жарма аудандық ПБ тергеу бөлімшесінің тергеушісі болып бастады. Қызмет еткен жылдары әртүрлі басшылық лауазымдарда, оның ішінде Семей қалалық ІІБ тергеу бөлімінің бастығы, ШҚО ІІД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары және бастығы болды.

2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары болып қызмет етті.


Соңғы жаңалықтар