ШҚО полицейлеріне бомба туралы 4 жалған хабар түскен

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полицейлеріне жыл басынан бері бомба туралы 4 жалған хабар түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшыларына жарылғыш зат туралы жалған хабар бергендер жазаға тартылуда.

Биыл осындай 4 факті тіркелген.

«Мәселен, «102» жедел арнасына Өскемен қаласының 50 жастағы тұрғыны хабарласты. Өз сөзінде ол террорлық әрекеттің болатындығы туралы айтқан. Бұл ақпаратты полиция қызметкерлері дереу тексерді. Бірақ оқиға орнына келген кезде ештеңе табылған жоқ. Белгілі болғандай, ер адам итімен серуендеп жүргенде әзіл үшін полицияға телефон шалған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 438-бабына сәйкес (Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) хаттама толтырылды.

Құқық бұзушы 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелген.


Соңғы жаңалықтар