ШҚО полицейлері жыл басынан бері 100 келіден астам есірткі тәркілеген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары жыл басынан бері 100 келіден астам есірткі тәркілеген, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі мен психотроптық заттардың заңсыз айналымын анықтау мақсатында тиісті шараларды атқаруда.

«2020 жылдың бірінші тоқсанында есірткіге байланысты 176 қылмыс тіркелді. Оның ішінде 63 факті сатуға, 5-і ірі көлемде сақтауға қатысты болған. Наурыз айында 44 келіден астам марихуана мен 2 келі гашишті тасымалдаған Семей қаласының 3 тұрғыны қамауға алынды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, жыл басынан бері заңсыз айналымдағы 104 келі есірткі мен психотроптық заттар тәркіленген.

Соңғы жаңалықтар