ШҚО полицейлері жүргізушілердің куәлігін планшет арқылы тексереді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жүргізушілердің куәліктерін планшет арқылы тексереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев жұмыс сапарымен Глубокое және Ұлан аудандарына барып, полиция бөлімдерінің жеке құрамымен кездесті. Өз сөзінде ол жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ереже бұзу әрекеттерін тіркеу жүйелерінің желісін кеңейту және интеллектуалды камераларды енгізу, сондай-ақ жолдардың апаттық қауіпті учаскелерін тексеру жұмыстарын жандандыру бойынша шаралар қабылдау қажеттігін айтты.

Осы жылдың 13 ақпанынан бастап көлік тізгіндеген азаматтар жүргізуші куәлігі мен автокөліктің техникалық төлқұжатын өзімен алып жүруге міндетті емес. Алайда оның өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. Көлік құралын тоқтатқан кезде жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктің берілгенін патрульдік полицияның планшеті арқылы ІІО тиісті деректер базасынан тексеріледі. Қазіргі уақытта осындай тәсілмен сақтандыру полисінің бар-жоғы мен техникалық байқаудан өткендігі де тексерілуде», - деді Сағат Мәдиев.

Департамент бастығы Глубокое және Ұлан аудандарындағы жұмыс сапары барысында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау кезінде көтерілген барлық бастамалар мен көкейтесті мәселелер оның жеке бақылауына алынды.


Соңғы жаңалықтар