ШҚО полицейлері зейнеткердің өліміне қатысты күдіктіні ұстады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері 71 жастағы зейнеткердің өліміне қатысты күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жедел әрекет еткен тәртіп сақшылары аса ауыр қылмысқа қатысты күдіктіні анықтады.

«Риддер қаласы полиция бөлімінің «102» арнасына Поперечное ауылының тұрғыны хабарласып, көршісінің еш қимыл-қозғалыссыз жатқанын айтқан. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. Тексеру барысында марқұмның зорлықпен өлтірілгені белгілі болды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Ер адамның мәйіті ас үйдің еденінен табылған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 46 жастағы күдікті анықталып, екі сағат ішінде ұсталды. Ол өз кінәсін мойындап отыр. Қылмыс жасауына арадағы жанжал түрткі болған», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.


Соңғы жаңалықтар