ШҚО полицейлері төрт күнде 45 мас жүргізушіні ұстады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері төрт күн ішінде 45 мас жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу мақсатында 23-30 қараша аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы өткізіледі.
24 қараша күні Өскемен қаласындағы Жеңіс даңғылында полиция қызметкерлері «NISSAN LAUREL» автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісін тоқтатты. Ол көлікті мас күйде басқарған.
Келесі күні сағат 23.20-да Шемонаиха қаласындағы Повстанческая көшесінде ішімдік ішіп алып «MERCEDES BENZ» көлігін тізгіндеген 27 жастағы жүргізушісі ұсталды.
«Алдын алу шараларының жүргізіліп жатқанына қарамастан аймақ бойынша мас күйінде көлік айдайтындар әлі де аз емес. Небәрі 4 күннің ішінде 45 мас жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылған», - деді ШҚО ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Талғат Нұриев.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасының бірінші күнінде 1500-ден астам әкімшілік құқық бұзу фактісінің анықталғаны хабарланған.
https://www.inform.kz/kz/shko-da-bir-kunde-1500-den-astam-akimshilik-kukyk-buzu-faktisi-anyktaldy_a3722849
- ШҚО-да боран: «Алматы-Өскемен» тасжолында көлік қозғалысы шектелді
- Өскеменде зейнеткердің пәтерін жалдаған ер адам 2 млн теңгесін ұрлап кеткен
- ШҚО-да қатты жел қазандықтың шатырын ұшырып әкетті
- Қордайда 20-ға жуық жүк көлігі қар құрсауынан шығарылды
-
Телефонын алып қойған: ШҚО-да анасына өкпелеген бала үйінен қашып кетті
-
Павлодарда бетіне оқ тиген әйел оқиға орнында көз жұмды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам