ШҚО полицейлері өзіне қол салмақ болған ер адамды райынан қайтарды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 2 қаңтар күні Көкпекті ауданы Преображенка ауылында болған.

Ер адам жаяу жүргіншілер көпірінде асылуды ойлаған. Көкпекті аудандық полиция бөліміне қоңырау шалған да өзі.

Тәртіп сақшылары аға лейтенант Қасымов пен капитан Оразғалиев лезде сол жерге аттанған.

Олар ауыл тұрғынын сөзге тартып, суицид жасамауға көндірді. Сондай-ақ ер адамға және оның отбасына психологиялық көмек көрсетілді.

«Ер адамның не себепті өзіне қол жұмсамақ болғанын әзірге жария етуге болмайды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар