ШҚО полицейлері несие «рәсімдеуші» алаяқты ұстады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейде тәртіп сақшылары алаяқтық жасады деген күдікпен 37 жастағы Гүлжанат Қашқынбаеваны ұстады. Енді тергеушілер бұл күдіктіден зардап шеккендерді анықтап жатыр, деп хабарлады YK-news.kz.
ШҚО ІІД ақпараты бойынша, ұсталған күдікті айла-тәсілін Семей мен Өскеменде жүзеге асырып келген. Тергеу нұсқасы бойынша әйел өзін банктердің бірінің қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға тиімді талаптармен несие алуға көмектесе алатынын айтып алдаған. Қашқынбаева қызмет пайдалануға ниет танытқандарға алғашқы төлем жасауды сұраған. Ақша қалтасына түскен соң ол қашқан. Әзірге тергеушілерге 15 алаяқтық фактісі белгілі.
Қазір полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, Қашқынбаеваның арбауына іліккен облыс тұрғындарын 8 (7222) 69-01-61, 8(7222) 33-56-17 телефондарына немесе «102» номеріне хабарласуды сұрайды.
- Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 2 экстремистік топ құрықталды – ҚР ҰҚК
- Президенттің батыл шешімдері бейбіт өмірге тез оралуға мүмкіндік береді – Мәулен Әшімбаев
- Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус 2087 адамнан анықталды
- Атырау облысының әкімі жарақат алған полицейлердің халін біліп қайтты
-
Алматыда жалдамалы пәтерден цифрлық техника мен әскери амуниция табылды
-
Павлодар облысында ұстаздар қашықтан жұмыс форматына көшірілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам




