ШҚО полицейлері іздеуде жүрген 6 қылмыскерді құрықтады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 6 қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 7-16 маусым аралығында жүргізілген «Мигрант» жедел алдын алу шарасы барысында көші-қон заңнамасын бұзған 1009 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Мәселен, Шемонаиха аудандық ПБ қызметкерлері құжаттарды тексеру кезінде әйел адамнан Ресей Федерациясының азаматы төлқұжаты бола тұра ел аумағына кірген кезде Қазақстан Республикасы азаматының құжатын пайдаланғандығы анықталды. ҚР ӘҚБтК 496 бабына сәйкес 100 АЕК көлемінде айыппұл арқалаған ол сот шешімінен Қазақстан аумағынан шығарылды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ шетелдіктердің келгені туралы полиция органдарына уақытылы хабарламағаны үшін 339 ел азаматы жауапқа тартылды.

Уәкілетті органның рұқсатынсыз шетел азаматын жұмысқа тартқан 43 кәсіпкер жазаланған.

Сот шешімімен 43 мигрант елден тысқары шығарылды.

Бұдан бөлек, криминалдық полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 6 қылмыскерді ұстады.


Соңғы жаңалықтар