ШҚО полицейлері есірткінің жаңа түрін саудалаушыларды ұстады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткінің жаңа түрін саудалаушыларды ұстады, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Шығыс Қазақстан облысының есірткі полицейлері шартты түрде «скорость» деп аталатын жүйкеге әсер ететін заттардың жаңа түрлерін өткізудің 3 фактісін анықтады.

Тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде үш сатушыдан синтетикалық есірткінің бірнеше дозасы анықталып, тәркіленді.

Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша Қылмыстық Кодекстің 297-бабы (Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кету қажет, ағымдағы жылдғы 5 шілдеде бақылауға алынған есірткі заттарының тізімін жаңа психобелсенді заттармен барынша қысқа мерзімде толықтыруға мүмкіндік беретін заңнамаға түзетулер күшіне енді. Бұл тізімдер қазір барлық белгілі есірткілер мен сол тектес заттарды қамтиды.

Ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта полиция синтетикалық есірткіні таратудың 56 фактісін анықтады. Оның ішінде 28-і есірткі өткізу фактісі болса, 2,6 кг жүйкеге әсер ететін жаңа заттар, оның ішінде 1 799 таблетка экстази есірткісі тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар