+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

ШҚО полицейлері бір күнде 9 млн теңгеден астам айыппұл өндірді

2021 жылғы 23 маусым 14:54
Бөлісіңіз:
ШҚО полицейлері бір күнде 9 млн теңгеден астам айыппұл өндірді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері бір күнде 9 млн теңгеден астам айыппұл өндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да жол апатынан 1 адам көз жұмып, 2 адам жарақат алды Қазақстанда жарты жылда 39 мыңнан астам көлік шығарылды ШҚО-да полиция қызметкерлері борышкерлерден 17 млн теңге өндірді

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Борышкер» жедел алдын алу шарасы әкімшілік құқықбұзушылық жасағандардан айыппұл өндіруге бағытталған.

«Шара барысында арнайы мобильді топтар құрылған. Тәртіп сақшылары рейдке шығып, борышкерлерден жалпы сомасы 9 миллион теңгеден астам айыппұл өндірді. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамаған 48 жүргізушінің көліктері айыппұл тұрағына қойылды», - делінген хабарламада.

Мысалы, Семей қаласынан Өскеменге жиі жол жүретін тұрғын 10 рет ереже бұзып, айыппұлын төлемей жүрген. Оның қарызының жалпы сомасы 77 мың теңгеге жетті. Ер адамның көлігі айыппұлын толықтай төлегенше арнайы тұраққа қойылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT