USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

ШҚО полицейлері бір күнде 30 литрден астам қан тапсырды

2021 жылғы 28 қазан 05:01
Бөлісіңіз:
ШҚО полицейлері бір күнде 30 литрден астам қан тапсырды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері бір күнде 30 литрден астам қан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінде «Донор күні» өтті. Оған 70 тәртіп сақшысы қатысты.

Жылдан-жылға қан тапсырғысы келетіндердің саны өсуде. Полицейлер түрлі оқиғалардан зардап шеккен адамдармен жиі кездесетіндіктен қан құюдың өмірді сақтап қалу үшін өте маңызды екенін біледі.

«Халыққа көмектесу – біздің тікелей міндетіміз. Бүгінгі акция бірнеше адамның өмірін құтқаруға септігін тигізеді деп үміттенеміз», - деді полиция қызметкері Айдын Бакинбаев.

Дәрігерлер донор ретінде полицейлердің өте құнды екенін атап өтті. Өйткені олар денсаулығына мұқият қарайды, медициналық тексерулерден үнемі өтіп тұрады.

Жалпы, осы күні құқық қорғау органының қызметкерлері 30 литр қан тапсырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT