ШҚО полицейлері баласына арақ берген әйелге қатысты тексеру жүргізді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Соңғы күндері әлеуметтік желіде қызына арақ ішкізіп жатқан әйелдің видеосы тарап кеткен еді.

Анықталғандай, оқиға Шығыс Қазақстан облысында болған. Осыған орай тәртіп сақшылары әйел адамды тауып, тексеру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тараған анасы баласына арақ берген видео қоғамда қызу талқыға түсті. ШҚО Полиция департаменті аталған бейнематериалды зерттеп, әйел адамның Ұлан ауданында тұратынын анықтаған.

«Бұл видео жуықта емес, осыдан біраз уақыт бұрын түсірілген болып шықты. Осыған орай Ұлан ауданының ювеналды полиция қызметкерлері әйелдің тұрғылықты жері мен тұрмыстық жағдайын тексерді. Бұған дейін де осындай тексерулер жүргізілген болатын», - дейді ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Әйгерім Нұрғазина.

Қазіргі уақытта әйел адамның алкогольді ішімдіктерге тәуелділігі жоқ. Аталған отбасы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторының бақылауында.


Соңғы жаңалықтар