ШҚО полицейлері адасып кеткен 87 жастағы кейуанаға көмектесті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының полицейлері адасып кеткен кейуанаға үйге жетуге көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына хабарласқан азамат Алтай қаласындағы дәріханалардың бірінде әженің адасып жүргенін жеткізді.

Қарт кісіні әңгімеге тартқан фармацевтің айтуынша, ол өзінің аты-жөнін, тұратын үйінің мекенжайын есіне түсіре алмаған.

«Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Мадияр Өмірзақов келіп жетті. Сақшы зейнеткердің кім екенін және тұрғылықты мекенжайын анықтады. Көп ұзамай әже жақындарына аман-есен жеткізілді», - делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, үйде ешкім болмаған кезде 87 жастағы кейуана дәріханаға шыққан. Сол жерге жеткенімен, қайтар жолды ұмытып қалды.

Себебі қарт кісінің есте сақтау қабілеті нашарлап кеткен.

Өз кезегінде әженің туған-туыстары полиция қызметкерлеріне алғысын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар