+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

ШҚО полицейлері 77 келі есірткі тәркіледі

2019 жылғы 4 қараша 21:52
Бөлісіңіз:
ШҚО полицейлері 77 келі есірткі тәркіледі

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері ірі мөлшерде есірткі саудалаған үш қылмыскерді қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Таразда есірткі саудасын насихаттаған 700-ге жуық граффити-жазу өшірілді СҚО-да иісшіл иттер синтетикалық есірткіні анықтауға үйретілді Есірткі дайындаумен айналысқан топ ұсталды - Жамбыл облысы

Олардың біріншісі — 27 жастағы Алматы тұрғыны. Тәртіп сақшылары бұл қылмыскерді Ұлттық ұлан сарбаздарымен бірлесіп ұстады.

«Күдікті ұсталған үйдің кіреберісінен сары түсті контейнерлері бар бес картон қорап табылды. Оның ішіндегі жасыл түсті өсімдік тектес заттардың Алматы тұрғынына тиесілі екені анықталып отыр. Ол аталмыш заттарды Өскеменде өткізбек болған», – деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дәл осы уақытта есірткі саудалаған тағы екі азамат ұсталды. Оларды жұмыс сапарымен Жамбыл өңіріне барған шығысқазақстандық полицейлер жергілікті әріптестерімен тізе қосып, қолға түсіргенін айта кетуіміз керек.

Осылайша полиция қызметкерлері жалпы салмағы 77 келіге жуық «кептірілген марихуана» және «гашиш» есірткі заттарын тәркіледі.

Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Оразай Жеңіс.

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT