+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

ШҚО полицейлері 5 тоннадан астам заңсыз ауланған балықты тәркіледі

2021 жылғы 8 сәуір 10:37
Бөлісіңіз:
ШҚО полицейлері 5 тоннадан астам заңсыз ауланған балықты тәркіледі

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат- Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері 5 тоннадан астам заңсыз ауланған балықты тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да суға кеткен балықшының денесі табылды Шығыс Қазақстанда 40 үйдің ауласын су басты ШҚО-да карантин талаптарын сақтамайтындар тыйылмай отыр

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицейлерге Зайсан көлінің жағасында Тассай ауылының тұрғындары заңсыз балық аулаумен айналысатындығы туралы хабар келіп түсті.

Тәртіп сақшылары «Қарақас» учаскесінде 34 жастағы ер адамды ұстады. Тексеру барысында оның «ВАЗ» автокөлігінен балық аулайтын құралдар және 150 келіден астам заңсыз ауланған шортан, көксерке, табан балықтары тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігіне (балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) сәйкес тергеу басталды.

«Жыл басынан бері полиция қызметкерлері мемлекеттік органдармен бірлесіп табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 237 фактісін анықтады. Соның нәтижесінде, 5 тоннадан астам балық тәркіленген»,– деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Бүгінгі таңда заңсыз балық аулаудың 7 фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 230-дан астам балықшы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын мөлшері 14 млн теңгеден асып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT