ШҚО полицейлері 16 жыл ұстатпай келген қылмыскерді қолға түсірді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында 16 жыл бұрын қылмыс жасаған күдікті Алматыда ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2003 жылы үш адамнан құралған қылмыстық топ алысқа қатынап жүрген азаматтың «КАМАЗ» жүк көлігін тартып алған. Тонаушылардың екеуі қолға түсіп, біреуі із жасырып үлгерген еді. Полицейлер 9 жыл бойы оның кім екенін анықтай алмаған. Тек 2012 жылы ғана күдіктінің аты-жөні анықталып, іздеу жарияланған болатын.

«Қылмыскерді семейлік сақшылар Алматыдан ұстады. Қазір сондағы уақытша қамау изоляторында. Енді 2003 жылы жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылады», - делінген облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар