ШҚО өзендерінде жарылыс жасалып, 8400 шаршы метр аумақта мұз ұсақталды

Фото:
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соңғы екі күнде мұз кептелісінің алдын алу шарасы Күршім ауданында жүргізілді.

Мұнда көктем кезінде Күршім өзені ауылдарға қауіп төндіреді.

Өзендегі мұз қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді. Құтқарушылар Маралды мен Боран ауылдарындағы өзенде жарылыс жасады.

Соның нәтижесінде, 8400 шаршы метр аумақта мұз ұсақталды.

«Су айдындарындағы жарылыс жұмыстарының арқасында мұз қабатының көлемі азайып қана қоймай, оның құрылымы да өзгереді. Яғни, мұз сынып, еріп, суға айналады. Бұл процесс елді мекендерді су тасқынынан құтқаруға септігін тигізеді», – дейді ШҚО ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Арман Тоқанов.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы ауылды су басып жатқаны туралы жалған ақпарат тарағаны хабарланған.


Соңғы жаңалықтар