ШҚО өзендерінде мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы өзендерде мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар мен жергілікті атқарушы орган өкілдері күн сайын өзендердегі жағдайға мониторинг жүргізеді.

Синоптиктердің айтуынша, алдағы уақытта Өскеменде ауа температурасы жоғарылайды. Демек су деңгейі көтеріледі.

«Күршім ауданы Маралды ауылындағы Күршім өзенінде және Боран ауылындағы Қара Ертіс өзенінде 9600 шаршы метр алаңда мұз ұсақталды. Осының нәтижесінде, мұз кептелісі болмайды. Болжам бойынша су тасқыны наурыздың аяғында немесе сәуірдің басында басталады. Атқарылып жатқан шаралар су тасқынының алдын алуға бағытталған», - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов.

Аталған екі өзендегі мұздың орташа қалыңдығы 60-100 сантиметр. Облыстың су айдындарындағы осы жұмыстар бірнеше күн бойы жалғаспақ.


Соңғы жаңалықтар