+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

ШҚО: Өсімдік шаруашылығын дамыту - басты назарда

2020 жылғы 22 қыркүйек 08:34
Бөлісіңіз:
ШҚО: Өсімдік шаруашылығын дамыту - басты назарда

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сапархан Омаров Түркияның агроөнеркәсіп саласының өкілдерімен кездесті Созақ ауданында түйе шаруашылығын дамыту жанданып келеді 9 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4,4 трлн теңгені құрады

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, өңірде агроөнеркәсіп кешенін дамытуға баса назар аударылған.

«Шығыс Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперавтивтерін құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Басты мақсат – жекеленген ауыл шаруашылықтарының басын қосып, бәсекеге қабілетті өнім шығару. Ірі агроқұрылымдарға мемлекет тарапынан барлық қолдау көрсетіледі», - делінген хабарламада.

Бүгінде өңірде өсімдік шаруашылығын дамытуға ерекше ден қойылып отыр. Әсіресе, күнбағыс өңдеу мен майлы дәнді-дақылдардың түр-түрін арттыруға баса назар аударылған.

Соған орай, ірі өңдеу кәсіпорындары салынып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың жаңа бағдарламасы әзірленуде. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру үшін қытайлық серіктестермен белсенді жұмыс жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да биыл жүгерінің егіс алқабы 3 мың гектарға артқаны хабарланған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT