ШҚО орман шаруашылығы инспекциясының өкілдері жемқорлық күдігіне ілікті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының Бұқтырма бөлімінің басшысы мен бірқатар қызметкерлері парақорлыққа күдікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, браконьерлікпен күресті күшейту аясында Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі ҚР Экология минситрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Бұқтырма бөліміндегі жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілері тиылды.

Жалпы қамқорлық пен тыйым салынған әдістермен (синтетикалық моножіп), сондай-ақ уылдырық шашу кезінде Бұқтырма су қоймасының резервтік (тыйым салынған) учаскелерінде балық ресурстарын заңсыз аулауға тыйым салу шараларын қабылдамағаны үшін браконьерлерден жүйелі түрде 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейінгі көлемде пара алғаны үшін күдікті болып танылған аталған бөлімнің басшысы мен бірқатар қызметкерлерге қатысты сотқа дейнгі тергеу басталды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.



Соңғы жаңалықтар