ШҚО онкологтары бір күнде 59 адамның сырқатын анықтады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының онкологтары бір күнде 59 адамның сырқатын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Көпсалалы онкология және хирургия орталығында асқазан-ішек жолдарының обырын ерте анықтауға бағытталған Ашық есік күні өтті. Бір күн ішінде аймақтың түкпір-түкпірінен 100-ден астам адам келген.

«Жұртшылық онкологтардың, торакальді және абдоминальді хирургтер мен онколог-гепатолог мамандарға тегін қаралып, кеңес алды. Олар көбінесе ас қорыту органдары қызметінің бұзылуына шағымданып, тамақ ішу кезінде өзін жайсыз сезіну, жүрек айнып, қанның аздығы, тез шаршау мен белгісіз себептермен арықтаудың мазалайтындығын жеткізді», - делінген ақпаратта.

Нәтижесінде 11 адам ультадыбыстық, 29 адам эндоскопиялық зерттеуден өтті. Олардың ішінде 8 тұрғыннан обырға күдіктің бары және 59 пациенттен өзге де аурулар анықталды.


Соңғы жаңалықтар