ШҚО оңалту орталықтарында 6 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл балаларды медициналық оңалту шараларына 4,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚО филиалының басшысы Ғалымжан Әбіловтің айтуынша, соңғы жылдары облыста балаларды оңалту шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, заманауи диагностиканы қолдана отырып балаларды мамандандырылған кешенді емдік-сауықтыру, медициналық-диагностикалық, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік бейімдеу сынды көмек көрсетіледі.

«Соңғы бір жылда 6 мыңнан астам бала оңалту шараларымен, оның ішінде амбулаторлық деңгейде қамтылды. МӘМС аясында балаларды оңалтуға бөлінетін қаржы 2022 жылы біршама артып отыр. Бұл мақсаттарға 4,5 млрд теңге жұмылдырылған», - деді Ғалымжан Әбілов.

Осылайша, балаларды медициналық оңалту қызметтерімен қамту көрсеткіші өсіп, олардың қолжетімділігі артады.

Сондай-ақ алдағы уақытта Семей қаласының перинаталды орталығының базасында балаларды оңалту орталығы ашылады.

Жаңа орталықта жылына 600-700 балаға көмек көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар