ШҚО оқушылары Абай шығармашылығына арналған квестке қатысты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Абай күніне орай жалпы орта білім беретін мектептердің 9-сынып оқушылары «Абай шығармашылығының қыры мен сыры» атты онлайн сабаққа қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметінше, шара барысында қазақтың бас ақыны Абайдың ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі ашып көрсетілді. Бұдан бөлек, онлайн сабаққа қатысушыларға хакімнің өмірі мен шығармашылығы жан-жақты таныстырылды.

«Дәрістен соң балалар ұлы ақынның шығармашылығына байланысты сұрақтардан құралған квестке қатысып, білімдерін шыңдады. Оқушылар квесттегі сауалдарға үш тілде жауап берді. Сондай-ақ олар Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған жаңа кітаппен танысты. Шара соңында мектеп оқушылары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, болашақта осы онлайн дәрістен алған білімдерін кәдеге жаратындарын жеткізді», - делінген мәліметте.


Соңғы жаңалықтар