ШҚО-ның Зырьян мен Қатон-Қарағай ауданында мектептер мен лицейлерде сабақ тоқтатылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Зырьянда 35 градустан төмен болған ауа райы салдарынан бүгін қаладағы мектептердің бірінші және екінші ауысымдары, лицейлер мен колледждерде сабақ тоқтатылды. 31 градус аяз болған Қатон- Қарағай ауданының мектептерінде де сабақ болмайды.

Бұл бүгін аймақ бойынша ең «аязды» күн райы. Еліміздің шығыс аймағының қалған бөліктерінде ауаның температурасы 15-19 градус суықты көрсетіп тұр.

Жалпы алғанда, Қазгидрометте атап өтілгендей, Шығыс Қазақстан облысы бойынша ауа райы ауыспалы болып, кей жерлерде қар жауады, түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман түседі. Шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғып, күндіз ауа температурасы 7-12, кей жерлерде - 15-20 градус аяз болады.

«Қазгидромет» РМК-ның Өскемен және Риддер қалаларында, сондай-ақ Жаңа Бұқтырма кентіндегі филиалының ақпаратынша, 2-ші дәрежедегі қолайсыз метеожағдай сақталып отыр.

Соңғы жаңалықтар