ШҚО-ның Зайсан ауданында шегірткемен күреске қаражат неліктен бөлінбейді

None
None
ЗАЙСАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданына қарасты Шілікті мен Тасбастау ауылдарында шегіртке қаптап, жайылым мен бақшаны отап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Сайттың жазуынша, шаруалар шегірткелермен күресе алмай әлек. Қаптаған зиянкестер жайылымның түгін қалдырмай ойран етуде. Ауыл жұрты төрт-түлігі азықсыз қалуы мүмкіндігін айтып, дабыл қағып жатыр.

«Бақшаға да, шабындыққа да түсіп жатыр. Әуелі адамға соқтығасады. Машинаның радиаторларына ұшып, бітейді. Әбден мазамызды қашырды», – дейді ауыл тұрғындары.

Ал Зайсан ауданының әкімдігі жәндіктерді жоюға бюджеттен қаражат неліктен бөлінбей отырғанын түсіндірді.

«Ауылдарға барып, бұл жағдайды бақылап қайттық. Дәрілеу жүргізілген жоқ. Себебі, бұлар - жергілікті шегірткелер. Үйірлі де емес. Зиянкестермен күресті шаруа қожалықтары өз қаражаттары арқылы ғана жүргізе алады. Бір текше метрде 8 шегірткеден асып кетсе ғана қаражат бөлінуі мүмкін. Ал әзірше шегірткелер айтарлықтай көп емес», – дейді Зайсан ауданы ауыл-шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі Мұратхан Қиямазанов.

Соңғы жаңалықтар