ШҚО-ның Ұлыбританияда қойылған көрмесі әлемдегі ең үздіктердің қатарына енді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Ұлыбританиядағы музейге қойылған Шығыс Қазақстан облысының көрмесі 2021 жылда болған әлемдегі ең үздік 5 көрменің бірі атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының «Ұлы дала алтыны» көрмесі былтыр Ұлыбританияның Лондон қаласында орналасқан Кембридж университеті жанындағы Фицуильям музейіне қойылған болатын.

Көрмеде өңірдің Берел, Шілікті және Елеке Сазы жерлеу кешендерінен біздің дәуірімізге дейінгі VIII-III ғасырларға жататын 15 мыңнан астам бірегей жәдігер қойылды.

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, халықаралық беделді «Apollo» өнер журналы 2021 жылдағы әлемдегі ең үздік көрмелердің тізімін жасаған. Соның ішінде үздік бестікке «Ұлы дала алтыны» көрмесі еніп отыр.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көрме 4 айға созылған. Осы уақыт ішінде оны 25 мыңға жуық адам тамашалады.


Соңғы жаңалықтар