ШҚО-ның Ұлан ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі болып Ренат Құрмамбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа әкімді аудан активіне аймақ басшысы Даниал Ахметов таныстырды.

Ренат Тілеуханұлы 1980 жылы 25 қаңтарда Катонқарағай ауданында дүниеге келген. «Инженер-педагог» және «заңгер» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 1998 жылы Катон-Қарағай ауданы, Жаңауыл орта мектебінде мұғалім болып бастаған. Мемлекет қызметті 2003 жылы Катонқарағай ауданының жастармен жұмыс жөніндегі мәдениет бөлімінің бас маманы лауазымында бастаған.

2005-2008 жылдары Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, ұйымдастыру-кадрлық бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

2009 жылы Шығыс қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы болды. 2011 жылы Катонқарағай ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 2014 жылдан 2019 жылға дейін Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының басшысы, сондай-ақ әкімнің орынбасары болып жұмыс істеді.

2019 жылдың маусымынан осы уақытқа дейін Катонқарағай ауданының әкімі болып қызмет етті.


Соңғы жаңалықтар