ШҚО-ның Тарбағатай ауданында 22 тонна пішен өртенді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары соңғы 3 күнде 7 өртті сөндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 8 қазанда Өскемендегі Северная көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шыққан. Шаруашылық қора-жайларға жайылған қызыл жалынның жалпы ауданы 75 шаршы метрді құрады. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер көп ұзамай тілсіз жауды толықтай ауыздықтады.

«9 Қазанда Аягөз қаласында 2000 жылы құрастырылған «Ваз 21102» автокөлігі отқа оранды. Қозғалтқыштың жанғыш бөлшектері, салонның ішкі қаптамасы, аспаптар панелі, алдыңғы және артқы шиналар жанған. Құтқарушылар 7 шаршы метрді шарпыған өртті өшірді», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау Өскемендегі Делегатская көшесінде өрттің шығуына себеп болды. Жеке тұрғын үй ауласындағы шаруашылық құрылыстардың шатыры жанған.

«Сол күні «Иртышский строитель» саяжай қоғамдастығында орналасқан монша өртенді. Жалын шығуының себебі – электр жабдықтарының апаттық режимі. Департамент қызметкерлері аумағы 27 шаршы метрге жеткен өртті ауыздықтады.

Бұдан бөлек, 10 қазан күні Тарбағатай ауданында 22 тонна пішен жанып кетті», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар