ШҚО-ның тағы бір қаласында «Сергек» камералары орнатылады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында «Сергек» камералары орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алтай қаласында жұртшылықтың қауіпсіздігін күшейту және жолдағы ережебұзушылықтың алдын алу мақсатында «Сергек» камералары орнатылады.

«Осы мақсатта жергілікті атқарушы орган өкілдерімен тиісті шаралар атқарылуда. Бейнебақылау камераларының орналасатын жерлері бекітілген. Енді көпқабатты үйлердің ауласына тәулік бойы бақылау жүргізілетін болады», - деді Алтай аудандық ПБ жергілікті полиция бөлімінің бастығы Дмитрий Шило.

Биыл 250 камера орнатуға қаражат бөлінген.

Оның барлығы тұрғын үйлер мен қоғамдық орын аулаларында орналасады.

Ойын алаңдары, автотұрақтар мен қоқыс контейнерлеріне де үнемі бейнебақылау жүргізілмек.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семей қаласында «Сергек» камералары орнатылатынын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар