ШҚО-ның Күршім ауданындағы 363 көпбалалы ананың барлығы өз таңдауларын жасады

None
None
КҮРШІМ. ҚазАқпарат - Күршім ауданында 363 көпбалалы ана тұрады. Бүгінгі күні алтын құрсақты аналардың барлығы келіп өз таңдауларын жасаған.

Солардың бірі «Алтын Алқа» иегері, 7 баланың анасы Айнұр Адаспаева.

«Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанымыз үшін тарихта қалатын ерекше күнде мен де өз сайлау учаскеме барып, дауысымды бердім. Мен көпбалалы ана, «Алтын алқа» иегерімін. Көп баланың анасы болу мен үшін нағыз бақыт. Көпбалалы отбасы - береке-бірліктің үйлескен жері. Адамзат тарихында есімі елге танылған тұлғалардың көпшілігі көпбалалы отбасында дүниеге келген.

Бүгінде мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға көптеп көңіл бөлінуде. Мектеп жасындағы балаларым тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, аудан орталығында жастардың бос уақытын ұйымдастыруға арналған үйірмелерге, спорт нысандарына тегін қатысады. Жолдасым екеуміз балаларымыздың сапалы білім алып, еліміздің бетке ұстар, білімді, тәрбиелі, еңбекқор азаматтары болуға бар күш жігерімізді салудамыз. Балаларымның болашағы үшін бүгін таңдау жасадым,- дейді алтын құрсақты ана.

Аудан бойынша алғаш дауыс берген азаматтар мен көпбалалы аналарға сыйлықтар табысталып, алғыс хаттармен марапатталды.

null

Соңғы жаңалықтар