ШҚО-ның Күршім ауданында көпбалалы отбасыларға 4 үй берілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Күршім ауданында жалғызбасты, көпбалалы аналарды, мүмкіндігі шектеулі, мұқтаж жандарды қолдауға арналған «Қайырымды жандар» акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара барысында жергілікті кәсіпкерлер көпбалалы отбасыларға 4 баспана сыйлаған. Бір баспана - Марқакөл ауылынан, 3 үй - Күршімнің өзінен берілген. Сондай-ақ, Боран мен Күршім ауылдарында тұратын 2 көпбалалы отбасының үйіне демеушілер тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілетін болды. Акция аясында қомақты қаражат жиналып, мұқтаж жанұяларға берілетін болады.null

«Ауданымызда 363 көпбалалы ана бар. Шараға белсене атсалысып, көмек көрсеткен барлық азаматтарға алғыс білдіремін. Бір қуантары, мұндай шараны өткізуге ауданымыздың кәсіпкерлері, тұрғындар өздері мұрындық болып отыр»,- дейді аудан әкімі Дулат Қажанов.

Қайырымды жандардың арқасында баспаналы болған 5 баланың жалғызбасты анасы Нұрсила Сүйінбаева 5 жылдан бері баспана кезегінде тұрғанын айтады.

«Бүгін біз үшін өте қуанышты күн. Баспана сыйлап жатыр. Ел ағаларына алғысым шексіз. 5 баланы жалғыз тәрбиелеп отырмын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын»,- дейді көпбалалы ана.

Аудан әкімінің айтуынша, аталмыш акция дәстүрлі шараға айналмақ.

null

Соңғы жаңалықтар