ШҚО-ның Катонқарағай ауданында туризм қарқынды дамуда

КАТОНҚАРАҒАЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданына келетін туристер саны жылдан-жылға арта түсуде. Әрине, туристер үшін ең қызықты әрі тартымды орындардың бірі, ол Мұзтау тауы болып табылады. Алтайдың ең биік шыңы, таңғажайып жаратылысымен туристер мен альпинистерді қашанда өзіне тарта түседі. Сондай-ақ, ел ішінде «Рахман қайнарлары» туралы да аңыздар кездеседі. Ауданның тағы бір көрнекті жері – Берел қорғандары, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Катонқарағай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаевтың айтуынша, биыл пандемия жағдайында туристер саны екі есеге артқан. Оның пікірінше, мәселе таза ауада және экологиялық таза өнімдерде – адамдар ағзаны оңалту, өз денсаулығын жақсарту үшін Катонқарағайға барады.
Жалпы, туризм саласында ауданда демалушыларға «Рахман қайнары» шипажайы, 12 пантамен емдеу орны, 5 қонақүй және қонақтарға арналған үлкен 12 үй-жай өз қызметтерін ұсынады.
«Сонымен қатар, Бұқтырма су қоймасының жағалауында демалыс базасының құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта үйлер, асхана толығымен салынды. Бассейннің құрылысы жүргізілуде. Бұл жобаны 2021 жылы іске қосу жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, қазіргі уақытта «Баян» сауықтыру кешенін кеңейту, Топқайың ауылында 60 орындық емдеу-сауықтыру кешенін, 100 орындық пантымен емдеу орталығын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп мәлім етті ШҚО Ақпарат орталығынан.
- 20 қаңтар күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы
- ШҚО тұрғындарының 20 пайызына коронавирус вакцинасы салынады
- Семейде таныстарының атынан онлайн несие алған алаяқ түрмеге қамалды
- Шоқыну мейрамында 5 мыңнан астам адам суға шомылды - ШҚО
-
ШҚО-да тарихи-өлкетану музейінде селфи күні өтті
-
Өскеменде жоғалып кеткен жасөспірім табылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам