ШҚО-ның кәсіпорындары кезектен тыс президенттік сайлаудың өткізілуін қолдайды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО-ның зауыт қызметкерлері ҚР ҚХА-ның кезектен тыс президенттік сайлауды өткізу туралы бастамасын қолдайтынын білдірді. Еңбек ұжымдарының пікірінше, президенттік және парламенттік сайлаудың түрлі мерзімдерде өткізілуі орынды болып табылады.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының Президенттің кезектен тыс сайлануын өткізу бойынша бастамасы туралы теледидар арқылы білдім. 25 мыңға жуық адам еңбек етіп жүрген компаниямыз бұл бастаманы толық қолдайды. Біз ел үшін маңызды болып табылатын бұл саяси науқаннан тыс қалмаймыз», - деп атап өтті «Қазмырыш» ЖШС-нің бас директоры Юрий Гусев.

Қазмырыш кәсіподақ комитетінің төрағасы Сергей Солдатовтың айтуынша, ол бұл бастаманы қолдай отырып, әлемдегі экономикалық жағдайдың қазіргі тұрақсыздығына байланысты бізге тұрақтылық кепілдігі керек деп ойлайды. Жұмыскерлер де ҚХА-ның бастамасын қолдауда.

«2007-2009 жылдары тұрғанымыздай, бүгін де, ертең де солай өмір сүргіміз келеді. Біз, мемлекеттің қарапайым азаматтары, бүгінгі күннің беріктілігіне сенімді, ертеңіміздің тұрақтылығына сенімді болуымыз керек», - деп бөлісті пікірімен «Қазмырыш» ЖШС электролиз цехіндегі ауысым шебері Сергей Серов.

«Қазмырыштағы» әріптестерін «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-ның еңбек ұжымдары да қолдады. Кәсіпорынның жөндеу бойынша шебері Дмитрий Нескладной бұл шешімнің елдің және әрбір қазақстандықтың мүддесіне жауап беретінін атап өтті.

«Біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүрудеміз, Қазақстанның әрбір тұрғыны ертеңгі күніне сеніммен қарағысы келеді. Біздің ынтымақтастығымыз әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында тұрақтылықты сақтап қалып, еліміздің одан әрі гүлденуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді УК ТМК өкілі.

2016 жылға қарай президенттік және парламенттік сайлау сияқты екі көлемді электоралды науқанды өткізу жоспарланып отыр, ал оларды бір біріктіру «жөнсіз» болып табылады, деп есептейді Д.Нескладной.

Соңғы жаңалықтар