ШҚО-ның қар басқан аумағы 73-тен 66 пайызға дейін азайды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны қаупі бар жерлерге аэровизуалды мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мониторингті облыс әкімінің орынбасары Нұржан Жұмаділов, аймақ прокурорының орынбасары Азамат Тілешев және ТЖД бастығы Ерлан Нұрпейісов жүргізді. «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-171 тікұшағымен ұшу барысында қар қалыңдығы, «Өскемен-Глубокое-Шемонаиха-Бородулиха» бағыты бойынша өзендердің жай-күйі және Ертіс өзеніндегі гидрологиялық жағдай тексерілді», - делінген ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде.


Қазіргі уақытта өңірде қар жылдам қарқынмен еріп жатыр. Облыстың қар басқан аумағы 73%-дан 66%-ға дейін азайды. Шағын өзендерде мұздың еруі байқалады.

Жалпы, Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының алдын алуға 104 мың дана қап, 6,7 мың тонна инертті материал дайындалған. Техника мен мотопомпалар сақадай сай.

Айта кетейік, облыс бойынша 399 мың текше метр қар шығарылды. 3908 су өткізу құрылыстары, 588 шақырым арық пен арналар, 578 көпір тазартылды.


Соңғы жаңалықтар