ШҚО-ның ірі кәсіпорындары әлеуметтік кепілдіктер мен еңбек құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі меморандумға қол қойды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша облыстық үшжақты комиссияның және облыстық дағдарысқа қарсы штабтың бірлескен отырысында жұмыс берушілерге өндіріс көлемінің төмендеуіне жол бермеу, жұмыс орындары мен жалақының қол жеткізілген деңгейін сақтап қалу, сондай-ақ қажетті әлеуметтік пакетті қамтамасыз етуге қолжетімді шаралардың барлығын қолдану туралы үндеуі қабылданды.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасына сәйкес, бүгін облыс әкімдігінде аймақтың ірі, базалық кәсіпорындарында өзара меморандумға қол қойылды. Олардың арасында «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «ШЫҒЫСТҮСТІМЕТ» ЖШС, «Шығыс-Сүт» ЖШС, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, «Қазмырыш» ЖШС, «АЗИЯ АВТО» АҚ, «Өскемен арматуралық зауыты» АҚ-лары бар.

Қала мен аудан әкімдеріне осыған ұқсас шараларды жүргізу тапсырсырылды.

Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, 2015 жылы аймақта 7,8 мың меморандум жасалып, сол арқылы 684,7 мың адамның еңбек құқықтары және әлеуметтік кепілдіктері қамтамасыз етілді.

Соңғы жаңалықтар