ШҚО-ның электр бағандары құлаған ауылға жарық берілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында жарықсыз қалған ауылдың мәселесі түбегейлі шешілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржановтың айтуынша, 21 мамыр күні Үлгілімалшы ауылында дауыл тұрып, 4 электр бағанасы құлаған. Салдарынан 9 көше жарықсыз қалған.

«Басқа 3 көшеде жарық үзілген жоқ. Сол күні-ақ Көкпекті аумақтық электр желісінің жедел әрекет ету жасағы жарықсыз қалған 95 абоненттің 60-ына жарық қосып берді.

Аудандық метеостансаның мәліметі бойынша, желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жеткен. Ертеңіне Үлгілімалшы ауылында күндізгі 12:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жарық болған жоқ. Себебі құлаған бағаналарды тұрғызу қажет болатын. Дауыл салдары 2 тәулік ішінде толық жойылды. Қазір ауылдағы барлық үйде жарық бар» - дейді әкімдік өкілі.

Соңғы жаңалықтар