ШҚО-ның екі қаласында карантин талаптарын бұзғандар анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеулерінің сақталуын бақылау мақсатында күн сайын рейдтер жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

27 қаңтарда санитарлық нормаларды бұзу фактілері екі қалада тіркеліп отыр.

Өскеменде рейд 111 нысанда жүргізілді. Нәтижесінде азық-түліктік емес дүкендерде сатушылардың маскасыз қызмет көрсетуі бойынша 4 факті анықталды.

«Семейде мониторингтік топтар 190 нысанды тексерді. Екі ереже бұзу фактісі тіркелді, атап айтқанда Қозыбағаров, 38 мекен-жайындағы асхананың екі қызметкері маска режимін бұзған. Сонымен қатар рейд барысында 35 автобус тексерілді. Маска режимін бұзуға қатысты 28 адамға ескерту жасалды», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.


Соңғы жаңалықтар