Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.01 EUR 420.88
RUB 5.84 CNY 54.64
Jańalyqtar

ШҚО-ның Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

2019 жылғы 8 мамыр 16:58 461
Бөлісіңіз:
ШҚО-ның Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат ­ - Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Ілияс Мұхамеджанов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Ілияс Мұхамеджанов бұл тағайындауға дейін 2017 жылдан бастап аталмыш басқарманың басшы орынбасары қызметін атқарды.

Ол С.Д.Асфендияров атындағы ҚазММУ бітірген. Алматы Жедел медициналық көмек ауруханасының операциялық блогында санитар болып жұмыс істеген. Кейін Б.О.Жарбосынов атындағы Ұлттық урология орталығында (ҰУО) ғылыми қызметкер, ҰУО-да ғылыми-зерттеу қызметі жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Түрлі жылдары Аустрия және Мысырдың медициналық клиникаларында біліктілігін арттырды.

Қазақстан урологтары қауымдастығының басқарма мүшесі, түрлі еңбектердің авторы.

«Ілияс Мұхамеджан соңғы үш жылда қолға алынған облыстың денсаулық сақтау саласын дамытуды кәсіби тұрғыда жалғастыратынына сенім артамын», - деп жазды ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова әлеуметтік желідегі парақшасында. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT