ШҚО-ның демалыс аймақтарында 1000 жер телімі бос жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның туристік аумақтарында мыңнан астам жер телімі өз мақсатына пайдаланылмай отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл мәселе соңғы 2-3 жылдың көлемінде күн тәртібінен түспей келеді. Өткен жылды қорытындылаған туризм және сыртқы байланыстар басқармасы аталмыш түйткілге тағы да тоқталды.

Демалыс орындарын инвентаризациялау кезінде Алакөл, Сібе көлдері және Бұқтырма су қоймасы аумақтарында 1105 жер телімі бос жатқаны анықталған.

«Алакөлде - 100, Сібеде - 261, Бұқтырмада - 644 телім мақсатына сай пайдаланылмай тұр. Біз жер иелеріне ескерту хат жібергенбіз. Олар қолдарына ескерту тиген сәттен бастап, бір жылдың ішінде жұмысты бастауы тиіс. Ескерту мерзімдері жуықта біте бастайды. Осы кезге дейін шырпы басын да сындырмай, ескертуге құлақ аспағандардың жері сот арқылы мемлекет меншігіне қайтарылады. Өйткені, аталмыш аумақтарға инвесторлардың қызығушылығы жоғары» - дейді басқарма басшысының міндетін атқарушы Марат Қабақов.

Соңғы жаңалықтар