ШҚО-ның Бұқтырма бұғазында демалушыларды тонаған ұры ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО-ның Зырян ауданында Бұқтырма бұғазында демалып жатқан адамдардың үйлеріндегі заттарын ұрлаған жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зырян аудандық ішкі қызметінің өкілдері Павлодар қаласының 19 жастағы жігітін ұрланған заттарды Жаңа Бұқтырма кентіндегі базарда сатып жүрген жерінен тұтқындаған.

«Қолды болған заттардың ішінде үрленетін қайықтан бастап, теледидар да бар болып шықты. Күдікті демалыс базаларын паналаушы адамдардың суға шомылуға  кеткен сәтін пайдаланып, үйдегі бағалы заттарды үптеп отырған. Әзірге оның 100 мың теңгенің заттарын ұрлағаны анықталды» - деді облыстық ішкі істер департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Аәгерім Нұрғазина.

Қазіргі таңда аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар