ШҚО-ның бірқатар ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтереді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл соңына дейін бірқатар ауданда дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін аймақ басшысы Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен әлеуметтік нысандар құрылысы жөнінде кеңес өткізді.

«Осы жылдың өзінде өңірдің көптеген елді мекендерінде жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен мәдениет үйлері пайдалануға беріледі. Жауапты тұлғаларға әлеуметтік нысандарды салуда қажеттілік пен демографиялық жағдайды есепке алу керектігін ескерттім. Мысалы, Семейдегі Қайнар ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру жобасын қайта қарастырдық. Өйткені ол жерге бассейні бар үлкен кешеннің қажеті жоқ. Ол көбінесе бос тұрады. Ал оны жылытуға, техникалық қызмет көрсетуге бюджет қаржысы шығындалады. Бұлай жасауға болмайды. Керісінше біз негізсіз шығындарға жол бермеуіміз керек», - деді облыс әкімі.

Даниал Ахметовтың айтуынша, тағы бір маңызды мәселе – дәрігерлер мен педагогтардың жетіспеушілігі.

«Бүгінде аймақтың денсаулық сақтау саласында 233 бос жұмыс орны бар. Келесі жылға жас мамандар үшін салынатын тұрғын үй құрылысының жобаларын қазірден бастап дайындау қажет», - деді аймақ басшысы.


Соңғы жаңалықтар