ШҚО-ның бірқатар аудандарында түлектердің ҰБТ-ға қатысу деңгейі төмен

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО-да түлектердің ҰБТ-ға қатысу деңгейі көңіл көншітер жағдайда емес. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Altaynews-ке сілтеме жасап.

Жалпы ҰБТ бойынша облыстық орташа көрсеткіш жоғарылады. Алайда кей аудандарда ҰБТ-ға қатысушылардың саны төмендеп кеткен.

"Риддер, Бородулиха және Шемонайха аудандарының әкімдеріне білім бөлімдерінің жұмысын реттеуді тапсырамын. Не себепті ҰБТ-ға қатысу деңгейі төмендеп кеткен? - деді облыс әкімі Даниал Ахметов. - "Басқа елдерге оқуға кеткендіктен ҰБТ тапсырмады" деген бос сөз. Ешкім егжей-тегжейлі талдау жасап, неше бала шетелге оқуға кеткенін тексермеген. Білім басшылары өздерінің кәсіби дәрменсіздіктерін жасыру үшін, шамасы бар түлектер тапсырсын, қалғандарына міндетті емес деп балаларды іріктейді".

Осы мәселеге қатысты аймақ басшысы соңғы үш жылға талдау жасауды тапсырды. Енді білім бөлімдері осы үш жылда ҰБТ тапсырмаған және шетелге оқуға кеткен түлектер туралы толық мәліметті ұсынуға тиіс.

Соңғы жаңалықтар